Қазақстанның аумағы бойынша солтүстік-шығыс бағытында белсенді атмосфералық фронттарымен Каспий циклоны жылжып келеді. Сейсенбіде Қазақстанның орталығына, ал оның фронттары республиканың оңтүстік облыстарына орнығып, кей жерлерде күшті жаңбыр, найзағай, күшті соқпалы жел және бұршақ болуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Сондай-ақ, бұл циклон республиканың орталық және шығыс облыстарындағы жауын-шашынның да себебі болуы мүмкін.
Елдің солтүстігі мен батысы Сібір антициклонымен байланысты болатын, атмосфералық фронттардың ықпалында қалады. Мұнда сондай-ақ жаңбыр, найзағай, солтүстікте түнде сулы қар жауып, температура төмендейді.
Бірнеше аймақтарда дауылды ескерту жариялған. 24-ші сәуірде тәулік бойы Қостанай облысында жел 15-20 м/с, кей жерлерінде найзағай, тұман түседі.
24-25 сәуірде Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20, 24 күндіз, 25 сәуірде түнде екпіні 23-28 м/с, 25 сәуірде түнде таулы және тау бөктерлі аудандарда қатты жаңбыр жаууы мүмкін.
Тараз қаласында 24-25 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20, 24 күндіз, 25 сәуірде түнде кей уақытта 23-28 м/с жетеді.
24 сәуірде Қызылорда облысының кей жерлерінде қатты жауын; 24-25 сәуірде Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік, солтүстік-батыстан 15-20, екпіні 23 м/с жел, найзағай сақталып, тұман, бұршақ болады.