Ләйлә Сұлтанқызы Түрікменстанның әйелдерге енгізген заңына қатысты пікір айтты

Тoday.kz
Түрікменстанда әйелдердің киім киісіне шектеу қойылды.

Тележүргізуші, "Әйел" кітабының авторы, Qazaqstan арнасынан "Әйел бақыты" бағдарламасын бірнеше жыл бойы жүргізген Ләйлә Сұлтанқызы Түрікменстанның әйелдерге енгізген заңына қатысты пікір білдірді, деп жазады Today.kz.

"Бұл жаңалықты таңертең оқыдым. Негізінен бұл – әйелдің құқығын шектеу. Бірақ бір мәселе бар. "Түрікменстан Үкіметі не үшін бұндай заң қабылдады?" деген сұраққа жауап ала алмайсыз. Ақпараттың өзі біржақты берілген. Дәлелдер келтірілмеген. Діни астар болуы мүмкін. Ол елде қыз зорлау фактілері көбейіп кеткен болуы мүмкін. Шын мәнінде кез келген мемлекет кез келген заңды қабылдамас бұрын дерекке сүйенеді. Өз оқырмандарымның арасында осыған қатысты сауалнама жүргіземін. Маған қоғамның ойы қызық болып тұр. Мүмкін біздің қоғам сондай нәрсені қалайтын шығар", – деді Ләйлә Сұлтанқызы.

Айта кетейік, Түрікменстанда әйелдердің киім киісіне шектеу қойылды. Енді олар жабысып тұратын киім кие алмайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды