Оралда кәріз жүйесін жөндеу кезінде экскаватор шұңқырға түсіп кетті

mgorod.kz
Экскаватор жұмыс кезінде шұңқырға құлап кеткен.

«Батыс су арнасы» ЖШС-ға тиесілі экскаватор «Беркут» жанармай бекетіне қарама-қарсы жатқан Шолохов көшесінде жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде шұңқырға түсіп кетті деп жазады «Мой город» порталы.

Компанияның басшысы Нұр Тілеуғалиевтің айтуынша, экскаватор жұмыс кезінде шұңқырға құлап кеткен.

– Бұл жер негізі тегіс болатын. Сөйтсек, жердің астында қуыс бар көрінеді. Экскаватор сол жерге құлаған. Қазір осы жағдайды қалпына келтіру үшін жұмыс істеп жатырмыз, – деді коммуналдық қызмет көрсету компаниясының директоры.

Еске салсақ, 30 сәуір күні Оралда кәріз коллекторының жарылуына байланысты қала тұрғындары сусыз қалып, үйлерге арнайы су жеткізілген болатын. Коммуналдық қызмет көрсету орталығы жарылған құбыр 7,5 метр тереңдікте жатқанын айтып, біраз қиындықтардың барын мәлімдеді. Қазіргі кезде 70 мыңға жуық тұрғын суық сусыз отыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды