Ресейден әкелінген тауық етінен қауіпті кесел табылған

Хабар 24
Жұқпалы ауру Ресейден әкелінген тауық етінің фаршының бір партиясынан анықталды.

Қостанайда әлеуметтік тағамдарға тексеріс кезінде сальмонелла бактериялары табылған, деп хабарлайды Хабар 24.

Жұқпалы ауру Ресейден әкелінген тауық етінің фаршының бір партиясынан анықталды. Мониторинг барысында Беларусь, Украина, Қырғызстан мен Ресейден келген құс өнімдерінен үш жүзден астам сынамалар алынған. Олардың 20%-ы кедендік одақтың техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтіні белгілі болған. Әйтсе де Қостанай облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мамандары: «Алаңдауға негіз жоқ. Тиісті шаралар қолданылды. Қауіпті кесел білінген тағамдарды елімізде сатуға шектеу қойылды», – деп мәлімдеп отыр.

– Жақында комитеттің тапсырмасы бойынша мониторинг өткізілді. Сол мониторингтің нәтижесі бойынша бір тауардан сальмонеллез табылды. Ол бойынша біздің департаменттің өкілдері ұйғарым берді. Ол бойынша бұл тауарлар сатылымнан алынды. Қазіргі таңда жоспардан тыс мониторинг жүргізілді. Жаңағы тауар қазіргі уақытта дүкеннен алынып тасталды, - деді Қостанай облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз хатшысы Назерке Ахметова.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды