Н. Назарбаев: Армян халқы елде туындаған саяси дағдарысты шешудің тиімді жолын табады

Nur.kz
Нұрсұлтан Назарбаев пен Армен Саркисян Армениядағы қазіргі ішкі саяси ахуалды талқылады.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Армения Республикасының президенті Армен Саркисянмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында екі ел басшылары Армениядағы қазіргі ішкі саяси ахуалды талқылады.

Қазақстан президенті достас армян халқы елде туындаған саяси дағдарысты заң шеңберінде сындарлы диалог арқылы шешудің тиімді жолын табатынына сенім білдірді.

Айта кетейік, Арменияны он жыл басқарған президент Серж Саргсян премьерлікке тағайындалғаннан кейін елде жаппай наразылық шеруі басталған болатын. Осы жағдайдан кейін Саргсян отставкаға кетті.

Наразылық қозғалысының жетекшісі, парламенттік "Елк" фракциясының басшысы Никол Пашинян Армения премьері қызметіне үміткер ретінде ұсынылды. Бірақ жалғыз үміткер 1 мамырдағы сайлауда жеткілікті дауыс жинай алмады. Оны билік партиясының депутаттары қолдамады. Келесі сайлау 8 мамырға белгіленіп отыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Алматыда өрт болды: тұрғындар эвакуацияланып, зардап шеккендерге көмек көрсетілді

Студенттер жатақханасына орын бөлу тәртібі жаңарды