Ақсайда адал еңбегі үшін бірқатар азаматтар марапатталды

Сурет: zakon.kz
Ел қорғаны болар айбынды азаматтарымызды аудан әкімі Алдияр Халелов құттықтады.

Ақсайда Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты шара болып өтті.

Тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштеріне биыл 26 жыл толады. Ел қорғаны болар айбынды азаматтарымызды аудан әкімі Алдияр Халелов құттықтады.

Осы жолда атқарып жатқан игі қызметі үшін және мемлекетіміздің тұғырын нығайтуға және халқымыздың игілігін арттыруға бағытталған адал еңбегі үшін аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.Олардың қатарында Ауғанстан соғысының мүгедектері мен ардагерлерінің Бөрлі аудандық қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бектемиров Жетпісбай және оның орынбасары Марат Ерғалиев, Бөрлі аудандық ішкі істер бөлімінің Бөрлі кенттік полиция бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Ринат Мәліков, ҚР ұлттық қауіпсіздік комитеті шекаралық қызметі «Ақсай» (автомобильдік) шекаралық бақылау бөлімшесінің бастығы Сұлтан Алханов және т.б. бар.

Бұл күні Бөрлі ауданының мұсылмандар мешітіне 5 жыл бойы басшылық ете отырып, ауданымызда діни тұрақтылық пен конфессияаралық келісімді сақтап, діндер мен мәдениеттер арасында сыйластық пен сенімділік қатынастарын нығайтудағы үлесі үшін Абдрахманов Мейрамбекке басқа қызметке тағайындалуына байланысты аудан әкімінің алғыс хаты тапсырылды.

Салтанатты шара барысында Бөрлі ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшысы Ернар Абдрахманов сөз алып, Бөрлі ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне көрсеткен ерекше қамқорлығы үшін Бөрлі ауданының әкімі А.Халеловты «Әскери комиссариатқа 100 жыл» мерейтойлық медалімен марапаттады.

Сонымен қатар, бөлім басшысы жас ұрпақты, болашақ Отан қорғаушыларды тәрбиелеуде сіңірген еңбегі үшін аудан әкімінің орынбасары Жанабай Каналин, Бөрлі аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы подполковник Дәурен Утегуловтерді «Әскери комиссариатқа 100 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталады.

Айым Нұрғалиева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі