Сәресіге тұру ол – ораза ұстаушының еркінде. Егер оразаның талаптарын бұзбаса – ораза бұзылмайды. Бірақ сәресіде берілетін нығметтерден құр қалады. Сәресі ішудің пайдасы мен артықшылықтары туралы өте көп хадис бар, деп жазады taima.kz.
Мәселен, Әбу Сағид әл-Құдриден жеткен хадисте ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген: «Сәресі деген толығымен береке. Оны тастамаңдар. Тым болмаса қайсыбірің бір жұтым су жұтып алса да. Өйткені, шын мәнінде, Алла Тағала да, періштелер де сәресі ішушілерге салауат жолдайды» (Бұл хадис Ибн Хиббанның «Сахихында», сондай-ақ имам Ахмадтың «Мүснадында» келген.).
Мұнда сәресінің толығымен берекеден тұратыны айтылады. Тамақтан бөлек сол кезде аураның берекелі болатыны меңзелген.
Екіншіден, сәресі ішушілерге Алла Тағала мен періштелер салауат жолдайды. Мұсылман ғұламалары Алланың салауаты – Оның рақым-мейірімі, ал періштелердің салауаты – олардың Алладан кешірім тілеуі деп түсіндірген.
Сонықтан сәресіде ұлы нығметтер жатыр. Алла Тағала мол нығметтерінен құр қалдырмасын.