Түркия Қазақстанға мың дана Құран кітабын сыйлайды

Baq.kz
Рамазан айында Астана, Алматы, Өскемен, Шымкент, Қарағанды, Павлодар және Ақтөбеде Түркияның діни қоры атынан 3500 адамға ауызашар беріледі.

Бұл игі шараны Астанадағы Садуақас қажы ғилманы мешітінде ауызашар бағдарламасы аясында Түркияның діни қоры ұйымдастырды, деп хабарлайды Baq.kz.

Түркияның діни қоры (TDV) мен Астанадағы Түркия елшілігінің дін істері жөніндегі кеңесі «Құранды сыйға беру» акциясы аясында Қазақстандағы мұсылмандар қауымына қазақ тіліндегі Құранды тарту етті.

«Қазақстанның әртүрлі аймақтарында ұйымдастырылатын ауызашар бағдарламасы аясында мұсылман қауымға Қасиетті Құранның 10 данасы сыйға тартылады», - деді Қазақстандағы дін істері жөніндегі Түркия елшілігінің кеңесшісі Галип Акын.

Сондай-ақ, ол Рамазан айында Астана, Алматы, Өскемен, Шымкент, Қарағанды, Павлодар және Ақтөбеде Түркияның діни қоры атынан 3500 адамға ауызашар берілетінін айтты.

«Біз ауызашар кезінде қазақ бауырларымызбен дастархандас болуға қуаныштымыз. Рамазан – бауырластық айы», - дейді Акын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды