Ең лас қалалардың тізімінде алғашқы бестіктен көрінгендер – Бейжің, Мәскеу, Нью-Дели және Лос-Анджелес.
Ауыр өнеркәсіп, өндіріс қалдықтары – мұның бәрі ғаламшардың экологиялық жағдайына кері әсерін тигізетіні хақ.
Лас елдердің көшін бастап тұрған Қытай астанасы – Бейжің. Қалада 20 миллионнан көп адам тұрады, таулы аймақта орналасқан қалада теңіз-көлдер жоқ.
Мәскеуліктер көмірсутектің көп мөлшерде шоғырлануынан зардап шегуде.
Ирандағы Ахвазу тұрғындары қышқыл жауын-шашынның зардабын көріп келеді. Ол тыныстауды қиындатып, жүректің қалыпты жұмысына кедергі келтіреді.
Нью-Дели де ең лас қалалардың алдыңғы шебінде. Мұнда ауадағы шаңның мөлшері тым көп. Қаланың 40% баласы тыныс өкпе ауруларына шалдыққан.
Лос-Анджелес – әлемдегі ең көп автокөлік жүретін қалалардың бірі. Метрополитенде 13 миллионға жуық адам тұрады, бәрі дерлік жұмысына жеке автокөліктерімен барады.
Дакка қаласында жыл сайын ауаның ластануынан 15 мың адам өмірден өтеді.
Каирде көлік қозғалысының тығыздығы мен өндіріс саласының қарқынды дамуы салдарынан ауа ластанған.
Пәкістандық Лахор қаласы да автокөліктің көптігінен зардап шегіп отыр.
Ұлан-Батор қаласында миллионнан көп адам тұрады, әрі олар бүгінгі күнге дейін көмір мен отын пайдаланып келеді.
Мехико ұзақ жылдар бойы әлемдегі ең ірі қала болып саналған. 20 миллион тұрғынның жеке автокөлікпен жүруі ауаның ластануына әкеп соқты.
Дереккөз: Қамшы порталы