Еуроодақ пен АҚШ арасындағы сауда дауы ушығып барады

Хабар 24
Бұл шешім еурокомиссарлар алқасында қабылданған.

Еуроодақ Дүниежүзілік сауда ұйымына шағымданып, АҚШ-тың болат және алюминий импортына енгізген баж салықтарының заңдылығын қарастыра бастады, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл шешім еурокомиссарлар алқасында қабылданған. Олар Вашингтонның іс-қимылын халықаралық сауда ережелеріне қайшы деп санайды.

Еске сала кетсек, АҚШ 1 мамырдан бастап өз жеріне әкелінетін болатқа 25 пайыз, ал алюминийге 10 пайыз баж салығын енгізген. Бұған жауап ретінде Еуроодақ америкалық джинс, жержаңғақ пастасы мен мотоциклдерге шектеу қоймақ. Еуроодақтың болат құю саласында 320 мың адам жұмыс істейді. 500-ге жуық кәсіпорын жылына 170 миллион тонна өнім шығарады.

- Әлемдік сауда үшін бұл жайсыз күн. Еуроодақ бұл жағдайға көз жұмып отыра алмайды, сол себептен біз жағдайды реттеу үшін Дүниежүзілік сауда ұйымына шағым жібереміз. Жақын уақытта олардың жауабы мен қолданған шаралары туралы мәлімдейміз. Әлемдік саудаға қатысты, қандай да бір елдің біржақты шаралар енгізуі мүлде ақылға қонымсыз болып тұр, - дейді Еурокомиссия президенті Жан-Клод Юнкер.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Қазақстанда 12 маусымда бірнеше қауіпті ауа райы құбылысы күтіледі

Қазақстанда "самокаттар" мен велосипедтерге де мемлекеттік нөмір тағу міндеттелуі мүмкін