Бозымбаев үйқамаққа алынған орынбасары туралы: Бұл түсінбестік деп ойлаймын

Бұл жағдайға өкініш білдіретінін айтты.

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев өзінің орынбасары Бақытжан Жақсалиевтің үйқамаққа алынуы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

"Бізде бар мәлімттер бойынша вице-министр Жақсалиев Щучинск-Бурабай зонасына қатысты іс бойынша өткен аптада үйқамаққа алынды. Бұл іс 2013 жылы мердігер ұйыммен келісімшартқа отырған басқа ведомство, яғни қоршаған ортаны қорғау мекемесінде басталған және осы уақытқа дейін жалғасқан. Бұл оқиға 2015 жылы болған. Ол кезде мен басқа жерде жұмыс істегенімді еске салайын, сол себепті бұл осыған қатысты бірнәрсе дей алмаймын" - еді Бозымбаев Үкімет отырысынан кейін кулуарда.

Ол сонымен қатар, бұл жағдайға өкініш білдіретінін айтты.

"Ұлттық бюро құжаттарды алды, тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Өз тарапымнан өкініш білдіремін. Бұл түсінбестік деп ойлаймын. Энергетика министрлігі ұжымы Бақытжан Мұхамбетқалиұлын сауатты әрі кәсіби энергетик ретінде жақсы білеміз. Осы іске қатысты тергеу министрліктің қазіргі жұмысына әсер етпейді деп үміттіенемін", – деді ол.

Еске сала кетсек, 4 маусым күні Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкiлi Нұрлан Жахин ҚР Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиевтің үйқамаққа алынғанын мәлімдеген болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: