Бекшин Қаскелеңдегі инфекциялық аурухананың неге жабылатынын түсіндірді

Baq.kz
Аудан билігі инфекциялық аурухананы жөндеуге тиісті қаражатты бөлмеген.

ОКҚ-да өткен брифингте Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы, бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин Қаскелең қаласындағы инфекциялық аурухананың неге жабылатынын түсіндірді, деп хабарлайды Baq.kz.

«Қаскелеңдегі инфекциялық ауруханаға тоқталайын. Ол – өте ескі. Сондықтан біздің мамандар 2017 жылдың қараша айында аталған аурухананы жөндеу туралы бұйрық шығарды. Жөндеу жұмыстары 2018 жылдың 1-шілдесіне дейін аяқталуы қажет болған. Аурухананың бас дәрігеріне аталған ғимаратты осы жылдың бірінші жарты жылдығында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізеді деген міндет жүктелді», - деді ол.

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, аудан билігі инфекциялық аурухананы жөндеуге тиісті қаражатты бөлмеген.

«Сондықтан аурухана санитарлық талаптарға келмегендіктен соттың шешімімен аурухана жөндеу жұмыстарына жабылады немесе аудан ауруханасының жанынан жаңа бөлім салу мәселесі тұр. Осылайша, аудан ауруханасында мамандары адамдарға тиісті көмек көрсете алатын болады», - деп түйіндеді сөзін бас санитар дәрігер.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстанның оңтүстігінде оқушыны аяусыз соққыға жыққан

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды