Бристоль уинверситетінің анатомия және антропология ғылымдарының профессоры Элис Робертс болашақтағы «мінсіз» әйелдің бейнесін жасады. Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Профессордың пікірінше, адамның мінсіз болуы үшін, оған ультракүлгін сәулелерінің әсерінен қартаятын терісі кедергі келтіреді. Бұл орайда бақаның терісі анағұрлым сай келеді, дейді Робертс.
Сонымен қатар ғалым адам бойындағы кемшіліктер қатарына тыныс алу жүйесін қосқан. Оның ойынша, ауа қаптарын қолданатын құстар көмірқышқыл газынан анаұғұрлым тиімді арылады екен.
Сондай-ақ, профессор болашақтағы әйелдің бейнесіне жарқанаттың құлағы мен кенгурудың қалатасын қосқан. Ал әйелдің аяғын құстың аяғымен алмастырыпты. Осылайша, ол жылдам жүгіре алады, алайда биік жерлерге шыға алмайды, дейді профессор.
Десе де Робертс жасап шыққан болашақтағы «мінсіз» әйелдің бейнесі оны шошытып тастады.
«Мен өз тәжірибемінің 3D-моделін алғаш көргенімде, шыңғырып жібердім», – дейді профессор.