17 мың шетелдiкке Қазақстанға кiруге тыйым салынған – министр

tengrinews.kz
Өткен жылдан бастап көшi-қон заңнамасын бұзған 141 мың шетел азаматы әкiмшiлiк жауапқа тартылды.

Өткен жылдан бастап 17 мыңнан астам шетел азаматы Қазақстан аумағынан шығарылды. Оларға 5 жыл бойы елге қайта кiруге тыйым салынды. Бұл туралы халық алдында есеп берген ҚР Iшкi iстер министрi Қалмұханбет Қасымов айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

«Ішкi iстер министрлiгi көші-қон легін бақылауды күшейтті. Өткен жылы елімізде 2,5 миллионнан астам шетелдік болып қайтса, сондай мөлшердегі шетел азамат біздің ел арқылы өткен. 20 елдің азаматтары үшін визасыз келу тәртібі енгізілді, 45 елдің азаматы 30 тәулікке дейін визалық рәсімдерсіз және тіркеусіз жүре алады. Осындай жағдайлар полициядан көші-қон режимінің сенімділігін қамтамасыз етуді және заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимылды күшейтуді талап етеді», - дедi Қасымов.

Министрдiң айтуынша, өткен жылдан бастап көшi-қон заңнамасын бұзған 141 мың шетел азаматы әкiмшiлiк жауапқа тартылды. Олардың 17 мыңнан астамы ел аумағынан шығарылды. Бұл азаматтарға 5 жыл бойы Қазақстанға қайта кiруге тыйым салынды.

«Алдағы уақытта жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен өңірлерде арнайы Көші-қон қызметін көрсету орталықтарын құру жоспарланған. Бұндай пилоттық жоба Астанада қолға алынды», - дедi Қалмұханбет Қасымов.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты