Болашақта барлық мектеп Wi-Fi жүйесімен қамтылады

Baq.kz
Елбасы Жолдауда айтып кеткен бағыттардың бірі – «Ақылды қала» жобасы.

Бүгін «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен өткен Астананың жаңа жетістіктері мен даму трендтері туралы дөңгелек үстелде «ақылды қала» жобасы қалай іске асырылып жатқандығы және оның болашағы туралы талқыланды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Сарапшылық талқылауға «ақылды қала» технологиялар ендіруге тікелей қатысы бар отандық жəне халықаралық сарапшылар, жоғары технологиялық жəне инновациялық компания өкілдері, мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ өкілдері шақырылды.

«Елбасы Жолдауда айтып кеткен бағыттардың бірі – «Ақылды қала» жобасы. Осыған орай Астана қаласы әкімдігінің бастамасы бойынша Астана қаласының Ішкі істер департаментімен бірлесе отырып біздің компания құрылған болатын. 2017 жылы Астана қаласы әкімдігінің қаулысымен «Smart Astana» тұжырымдамасы бекітілді. Оның аясында «Қауіпсіз қала – Астана қаласының тіршілік қызметін кешенді қамтамасыз ету жүйесі» мен «Интеллектуалды көлік жүйесі» атты екі ірі жоба қарастырылған», - деді «Астана Innovations» АҚ Басқарма Төрағасының Корпоративтік қолдау бойынша орынбасары Серік Қуанышұлы.

Серік Құсайынов Астана қаласы бойынша «Ақылды қала» жобасы қалай жүзеге асырылып жатқанын баяндап, болашақта барлық мектеп Wi-Fi жүйесімен қамтылатынын айтты. Осы орайда туындаған «Еуропа елдері Wi-Fi жүйесінен бас тартып жатыр, өйткені ол адам денсаулығына зиян келтіреді. Бұл шешім қаншалықты дұрыс?» деген сұраққа Серік Құсайынов жуап берді.

«Wi-Fi жүйесі шынымен өсіп келе жатқан балалардың денсаулығына зиян. Бұл тұрғыда сіздермен келісем және болашақты мұның бәрі ескеріледі», - деді ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Шымкентте көлік дүкенге соғылып, өртеніп кетті: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді