Қостанайдағы орман алқабынан өнеркәсіптік жарылғыш заттар табылды

ҚазАқпарат
Оқиға орнында 12 ТЖД және 6 жергілікті полиция қызметінің мамандары мен ҰҚК қызметкерлері жұмыс істеді.

Қостанай облысында жеке шаруашылық серіктестігі қызметкерлері орман алқабынан өнеркәсіптік жарылғыш заттар элементтерін тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпаратты облыстық ТЖД баспасөз қызметі растады. Аталған факт 17 маусым күні Қонай ауылынан екі шақырым жерде тіркелген. «Интер-стиль» ЖШС қызметкерлері орман алқабынан өнеркәсіптік жарылғыш заттар элементтерін тапқан.

«Серіктестік мамандары «Петроген П-34» элементінің 9 данасын тапты. Бірақ, олардың тұтататын пілтелері жоқ. Жарылғыш заттар Қостанай облысы ІІД жедел тобына тапсырылды», - деді ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

Оқиға орнында 12 ТЖД және 6 жергілікті полиция қызметінің мамандары мен ҰҚК қызметкерлері жұмыс істеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

Астанада AMANAT партиясының съезі өтіп жатыр – делегаттар "Әділет" партиясына қосылуды қолдады