Алакөл жағасын бекемдеуге қаражат бөлінді

Хабар 24
Бекемдеу жұмыстарын қажет ететін жағалаудың ұзақтығы – 12 шақырым.

Кейінгі жылдары Алакөлдің асау толқындары жағаға соғып, жардың шеті опырылып жатыр, деп хабарлайды Хабар 24.

Тұрғындардың тілегіне орай биыл мұнда көлдің жағалауын бекемдеу жұмыстары басталатын секілді.

– Көктұма – Алакөлдің жағасындағы көрікті ауыл. Қариялардың айтуынша, оның шетінде бұрын екі көше болған екен. Бүгінде олардың ізі де жоқ. Жыл сайын 2-3 метр жер суға кетуші еді, былтыр ол 7 метрге жетті. Егер шұғыл шара қолданбаса, келесі жылы 10 метрге жетуі мүмкін екенін айтады тұрғындар, - деді тілші Тілеуқабыл Мыңжасар.

Мұндағы өзгерістер де, жаңалықтар да оның көз алдында. «Көлдің шеті суға кетіп жатқаны алаңдатады, әйтпесе жағдайымыз жақсы», – дейді Көктұма ауылының байырғы тұрғыны, Алдаберген Етекбаев.

Бекемдеу жұмыстарын қажет ететін жағалаудың ұзақтығы – 12 шақырым. Оның құжаттары әзірленіп жатыр.

– Тамыз айында толығымен мемлекеттік сараптамадан шығарып, республикалық бюджетке ұсыныс береміз. Биылғы жылы бастаймыз деп жоспарлап отырмыз, деді Алакөл ауданы әкімінің орынбасары Айдын Шалкенов.

Былтыр бұл жұмыстарға 20 миллион теңге қаражат бөлінген. Егер жағалаудың бекемдеу жұмыстары ойдағыдай атқарылса, келешекте туристік нысандарды көптеп салуға мүмкіндік туады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Құрылтай сайлауында сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берді

7 сәуір – күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының туған күні

Аптап ыстық пен өрт салдарынан Еуропада ескі бомбалар жарыла бастады