Ақтөбеде жол бойында туған егіздер шетінеп кетті

ҚазАқпарат
Жас ананың бірінші жүктілігі.

Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданында жүкті келіншек уақытынан бұрын босанып, егіз қызымен облыс орталығына жеткізілді. Арда бір апта өткенде екі бала да шетінеп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласындағы перенаталдық орталық мерзімінен бұрын босанған жас ананың өмірін сақтап қалды. Самара-Шымкент тасжолының Қарабұтақ бекетінен хабар түсіп, Ырғыз аудандық ауруханасынан облыс орталығына бағыт алған жас ана туралы ақпарат берілді. Жолда толғағы қысып, ол егіз қызын өмірге әкелді. Кейін санавиациямен облыс орталығына жеткізіліп, сәбилер мен ана дәрігерлердің бақылауына алынды. Бірақ арада бір апта өткенде бала шетінеп кетті.

«Егіз баланың салмағы 1 келіден асты. Екеуі де дәрігерлердің бақылауында болды. Анасы 29 аптасында толғағы қысып, жол бойында босанып қалып отыр. Өкінішке қарай, балалары шетінеп кетті. Жас ананың бірінші жүктілігі. Қазір анасының жағдайы қанағаттанарлық. Ол дәрігерлердің бақылауында болып, ем қабылдайды»,- деді Ақтөбе облыстық перенаталдық орталықтың мамандары.


Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Мемлекеттік мекемелердегі кадрлық үдерістер цифрлық форматқа көшіріледі