Таиландта үңгірден төрт бала жердің бетіне шығарылды

www.inform.kz
Олардың барлығы ауруханаға жеткізілді.

Таиландтың солтүстігінде су басқан үңгірде екі апта бойы қалып қойған жасөспірімдердің төртеуі жердің бетіне шығарылды. Бұл туралы құтқару операциясының басшысы Наронгсак Осоттханакон мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап.

Оның айтуынша, құтқарылған төрт жасөспірімнің жағдайы жақсы. Олардың барлығы ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда операция тоқтап тұр.

Оның келесі кезеңі бүгін таңертең басталады.

«Біз құтқару операциясын дайын болған кезде жалғастырамыз.Бізге барлық баллондарды оттегімен толтырып, бардық жүйені тексеру қажет», - деді Осоттханакон баспасөз мәслихатында.

Операцияға 90 сүңгуір, соның ішінде 40 Таиланд азаматы қатысып жатыр.

Еске сала кетсек, 23 маусым күні Таиландтағы ұлттық парк қызметкерлері үңгірге кіре берісте мотоцикл мен велосипедтерді, спорттық жабдықтарды тауып алған. Олар жергілікті футбол командасына хабарласып, ол жақтан табылған заттардың шынында да 11-16 жас аралығындағы 12 мектеп оқушысына және 25 жастағы бапкерге тиесілі екенін растаған. Олар адасып кеткен үңгірдің іші 10 шақырымдық жолдарға бөлінген. Бірнеше шығатын және кіретін бөліктері бар. Таиланд билігі үңгірде хабарсыз кеткен балаларды құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

ҰБТ-2026: ең жоғары балл, тест тілі және нәтижесі жойылған талапкерлер туралы

Ұлттық қордың жинағы қаншаға артады – Үкімет болжамы

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады