Денис Теннің өліміне қатысты күдіктінің бірі жасырынған пышақты тауып берді

Алматы ІІД
Пышақ тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелген.

Денис Тенді өлтірген қаруды күдіктілердің біреуі оқиға орнында түсінік беру кезінде тауып берді. Бұл туралы Алматы қаласы ІІД мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ішкі істер департаменті алдын ала тергеу жалғасып жатқанын атап өтті. Күдіктілер Қиясов пен Құдайбергенов өз қылмыстарын мойындап, зат түріндегі айғақтарды берді.

"Ведомствода хабарлағандай, күдікті Құдайбергенов оның берген жауаптарын тексеру барысында қылмыс кезінде қолданылған суық қару – пышақтың қайда жасырылғанын көрсеткен. Қылмыстық істі тергеу барысында бірқатар сараптама, оның ішінде молекулярлық-генетикалық сараптама, сот-медициналық сараптама, қылмыс кезінде қолданылған қарудың медициналық-криминалистикалық сараптамасы, медициналық-биологиялық сараптама және т.б." - делінген ІІД хабарламасында.

Сондай-ақ, қалалық ІІД бетпе-бет кездестіру барысында күдікті Қиясов Денис Тенге пышақ салған өзі екенін мойындады. Полиция оқиғаның куәгерлерін тауып, олармен күдіктілерді тану шарасы жүргізілген.

"Тергеу барысында күдіктілер ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарына сәйкес өздерінің құқықтарын қорғау үшін, оның ішінде түсінік беруден бас тарту, өздеріне қарсы куәлік беру және тиісті лицензияларға ие адвокаттардың қорғауымен қамтамасыз етілді", - деп мәлімдеді полицияда.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы