Қазақстанның кей жерлерінде найзағаймен бірге жаңбыр жауады

pastinfo.am
Жел күшейіп оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады.

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты тек солтүстік, орталық және шығыстарының кей жерлерінде найзағаймен бірге жаңбыр жауады. Түнде және таңғы уақыттарда солтүстік және орталықта тұман күтіледі, күндіз солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман, күндіз кей жерлерде дауыл, желдің күшеюі 15-20 м/с жетеді, бұршақ жаууы мүмкін. Ақмола, Қарағанды облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман, күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Жамбыл, Түркістан, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с шаңды дауылмен күшеюі күтіледі. Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау, Батыс Қазақстан, кей жерлерде Ақтөбе, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарында қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Түркістан, кей жерлерінде Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Жамбыл, Алматы облыстарында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды