Ақтөбеде дүкеншіні пышақпен қорқытып, кассаны тартып алмақ болған тұрғын ұсталды

aktobenews.kz
Көп ұзамай қолға түскен жігіттің бұрын да істі болғаны анықталды.

Ақтөбенің шет ауданындағы азық-түлік дүкендерінің бірінде сатушыға шабуыл жасалды. 23 жастағы жігіт дүкеншіні пышақпен қорқытып, кассадағы ақшаны талап еткен, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Облыстық ІІД мәліметінше, сатушы күзет сигналын басып, құзырлы орындарға белгі берген. Бұзақы оқиға орнынан қашып құтылған. Көп ұзамай қолға түскен жігіттің бұрын да істі болғаны анықталды.

Тәртіп сақшылары облыс тұрғындарына күзет жүйелерін пайдалану қылмыстардың болмауына және кінәлілерді дер кезінде ұстауға септігін тигізетінін ескертеді

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Кітап оқымаса, не болады? Журналист маңызды бір жайтты түсіндірді

Азия ойындары: 23 қыркүйекте ел намысын кімдер қорғайды