Тәжікстанда туристерді қағып өлтірген бұзақыларға оқ атылды

Baq.kz
Қарсыласқан бұзақыларға оқ ату салдарынан көлікте болған төрт адамның екеуі қаза тапты.

Тәжікстанда туристерді көлікпен қағып кеткен бұзақылар ұстау барысында полицияға қарсылық танытты. Сол себепті тәртіп сақшылары оларға қарсы оқ атуға мәжбүр болған, деп хабарлайды Baq.kz.

Қарсыласқан бұзақыларға оқ ату салдарынан көлікте болған төрт адамның екеуі қаза тапты. Жалпы АҚШ пен Нидерланд азаматтарының ажалына себеп болған «Daewoo Leganza» көлігі Нурек қаласының 21 жастағы тұрғынына тиесілі екені анықталды.

Еске сала кетсек, осыған дейін Тәжікстанның оңтүстігінде белгісіз біреулердің елде велосипедпен саяхаттап жүрген туристерді қағып өтіп, мерт қылғанын хабарлаған едік.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстандағы ең үлкен 5 көл туралы білеміз бе

Салықтық шығындар туралы талдамалық есеп қалыптастыру қағидалары бекітілді