Қытай билігі марқұмдарды табытқа салып жерлеуге тыйым салды

Stan.kz
Халықтан мәжбүрлі түрде тәркіленген табыттар экскаватормен жойылды.

Қытайдың оңтүстік-шығысындағы Цзянси провинциясында жерді үнемдеу үшін тұрғындардан табыттарды тартып алып, жерлеу рәсіміне тыйым салып жатыр, деп жазады Stan.kz.

Басылымның хабарлауынша, провинциялық үкімет осы жылдың қыркүйегінен бастап адамның сүйек қалдықтарын жоюдың жалғыз әдісі ретінде мәйіттерді өртеуді көздеп отыр.

Халықтан мәжбүрлі түрде тәркіленген табыттар экскаватормен жойылды. Бірақ, жергілікті үкімет тек табыттарға ғана емес, сонымен қатар басқа да дәстүрлі рәсімдерді, соның ішінде ескерткіш тастар мен қағаз ақша қоюға да тыйым салды.

Қытайда мұндай рәсімдерді өткізуге алғаш рет тыйым салынып тұрған жоқ. Бұған дейін Шаньдун провинциясында дәстүрлі жерлеуді өткізуге тыйым салынған болатын. Жаңа саясат бойынша қайтыс болғандардың мәйіті өртелуі керек, ал марқұмдардың туыстары тиісті рәсімнің өткені туралы сертифатты көрсетуге міндетті.

Дегенмен, Қытайдың кейбір тұрғындары үшін жерлеу рәсімінде мәйіттің әдеттегідей жерленгені өте маңызды. Себебі, олар марқұмның денесін сол күйенде жер қойнына тапсырылғанын қалайды. Сондықтан, кейбір азаматтар қайтыс болған адамның денесін бүлінбеген күйінде жерлеу үшін басқа біреудің денесін өртеп, сертификат беретін «мәйітті саудалаушы» қызметтерге жүгінеді. Бірақ, мұндай қызметтер көбінесе жасырын түрде жасалады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды