Астанада салынып жатқан коттедж құлап, үш жұмысшы зардап шекті

elorda.info
Астананың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы құрылыс кезінде зардап шегіп, ауруханаға жеткізілген үш жұмысшының жағдайына қатысты түсініктеме берді.

Астанада Балқантау көшесінде салынып жатқан коттедж құрылысында зардап шеккен үш жұмысшы қазір ауруханада жатыр. Олар орта дәрежедегі ауырлық жағдайында, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Астананың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы құрылыс кезінде зардап шегіп, ауруханаға жеткізілген үш жұмысшының жағдайына қатысты түсініктеме берді.

«1 тамызда сағат 19:52 кезінде құтқару қызметінің пультіне Балқантай көшесі, 92 мекен-жайында салынып бітпеген нысанның құлағаны туралы хабарлама түсті. Жедел жәрдемніңтөтенше жағдайлар бригадасы оқиға орнына келгенде үйіндінің асында қалған үш жұмысшыны №1 қалалық ауруханаға жеткізді. Зардап шеккендердің жағдайы орта дәрежедегі ауырлық жағдайында қалыпты. Толық медициналық көмек көрсетілді. Зардап шеккендер қалалық аурухананың салалық бөліміне жатқызылды. Барлығының диагнозы – политравмалар», - деді басқарманың баспасөз хатшысы Әйгерім Ардақ.

Бұған қоса Астана қаласының ІІД аталған мәселеге байланысы сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда самокаттарға тротуармен жүруге тыйым салынады

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қазақстандағы лудомандар саны 700 мың адамға дейін жетті

Елордада жеткізу қызметін пайдаланып алаяқтық жасаған азамат ұсталды

ҰБТ сертификатына қатысты талапкерлерге маңызды ескерту жасалды