Шымкент зообағында түйеқұстың төлі көбеюде

otyrar.kz
Балапан құстар айналдырған бір екі жылда 2 метрден де биік боп өседі.

Шымкент зообағында аң құстардың қатары толығуда. Инкубаториялық бөлімде алты бірдей түйеқұстың балапаны жарып шықты. Оның барлығы да африкалық түйеқұстың балапандары деп жазады otyrar.kz.

Бұдан бөлек, инкубаторияда тауыс, қырғауыл және де басқа құстар жұмыртқалайды. Негізінде зообақтар арасында келісімшарт бойынша аң, құстар алмастырылатыны белгілі. Әзірге түйеқұстардың алмастырылатындығы туралы нақты шешім жоқ. Ол құстар өскен соң барып қана белгілі болмақ.

Балапан құстар айналдырған бір екі жылда 2 метрден де биік боп өседі.

Бүгінде инкубаторда тағы 6 жұмыртқа бар. Жалпы зообақта 5 дана түйеқұс мекендеуде. Оның жұмыртқасы ірі, салмағы 1,5 келіге дейін жетеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Дүниежүзі бойынша халық саны көп 10 ел

Алматы маңындағы көрікті жерлер