Жұма күні Қазақстан аумағының кей жерінде найзағаймен бірге жаңбыр жауады

dixinews.ru
Республиканың солтүстігінде және орталығында түнде және таңертең кей жерде тұман түседі.

Бүгін атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты Қазақстан аумағының кей жерінде найзағаймен бірге жаңбыр жауады, екпінді жел соғып, солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Республиканың солтүстігінде және орталығында түнде және таңертең кей жерде тұман түседі.

Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Солтүстік Қазақстан облысындың кей жерінде түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз кей жерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болып, бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерде тұман болады, шаңды дауыл тұрады.

Жамбыл, Түркістан, Қостанай, Павлодар, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде 15-20 м/с жел соғады.

Маңғыстау, Атырау облыстарында, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде қатты ыстық болуы ықтимал.

Ал Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарында өрт қауіпі сақталады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Құрбан айт-2026: Қазақстанда мал бағасы өсіп барады

Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөйлеген сөзі: толық мәтін

Тоқаев Иордания короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Рамазан-2026, Ораза және Құрбан айт: Қазақстандағы діни мерекелер кестесі жарияланды