Алматыда мақсатына сай қолданылмаған жер телімдері тәркіленеді

today.kz
Басқарма алғашқы жартыжылдықта 547 жоспардан тыс тексеріс өткізген.

Алматыда мақсатына сай қолданылмаған жер телімдері тәркіленеді. Алматы қаласы жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Ержан Сейтенов 2018 жылдың алғашқы жартысы бойынша қанша жер телімінің тәркіленгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Today.kz.

"Жерді тәркілеуге біз 78 өтініш бердік, оның 13-і күшіне енді, қалғаны қарастырылуда. Өткен жылы осындай 130 өтініш берілді, оның 22-сі күшіне енді", – деді ол.

Басқарма алғашқы жартыжылдықта 547 жоспардан тыс тексеріс өткізген. 515 заң бұзушылық анықталған. 2017 жылы 1118 тексеріс болған, ол 763 заң бұзушылықты анықтаған.

Салығы төленбеген екі жер телімі өздігінен мемлекетке қайтарылғаны да айтылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ақтауда шетелге заңсыз ақша шығарған компанияға 153 млн теңге айыппұл салынды

КХДР үш сағат ішінде екі баллистикалық зымыран ұшырды

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды