Жүк көлігі бір табын сиырды басып кетті

sputniknews.kz
Омбы-Майқапшағай тас жолында КамАЗ бір табын сиырды бір-ақ қақты.

Павлодар облысында КамАЗ қатты жылдамдықпен бір табын сиырды қағып кетті. Жол апаты Тереңкөл ауданы Қызылтаң ауылына жақын жерде болған. Видеоны "Типичный Павлодар" Instagram-тобында куәгерлер жариялапты деп жазады sputniknews.kz.

Жантүршігерлік видео жол апатының қасынан өтіп бара жатқан көліктің терезесінен түсірілген. Онда асфальт үстінде теңкиіп өліп жатқан сиырлар мен жол ортасында тұрған жүк көлігі түсіп қалған. Ірі қара малдың басым бөлігі тірі екен.

Облыстың ішкі істер департаменті жол апаты туралы мәлімет берді. Оқиға кеше кешкісін 20.00 кезінде Омбы-Майқапшағай автожолының 335-ші километрінде болған.

"КамАЗ жүргізушісі "Мал айдап өту" белгісі бар жерде 11 бас ірі қара малды қағып кеткен. Сиырлар Қызылтаң ауылының тұрғындарына тиесілі", — делінген баспасөз қызметі хабарламасында.

Жүк көлігі жүргізушісіне қатысты ӘҚБК 610-бабы (Жол ережесін бұзып, салдарынан біреудің мал-мүлкіне зиян келтіру) бойынша хаттама толтырылған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Дүниежүзі бойынша халық саны көп 10 ел

Алматы маңындағы көрікті жерлер