Астаналықтар көмір сататын орындар туралы ақпаратты 109 нөмірінен біле алады

elorda.info
Қала әкімдігі Астана тұрғындарына қысты күтпей, көмірді ертерек сатып алуға шақырады.

Қалалық «iKomek» жедел әрекет ету және мониторинг орталығы күн сайын Астанадағы көмір туралы ақпарат береді. «109» нөмірінен көмірдің бағасын, сапасын және негізгі сататын орнын білуге болады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Қала әкімдігі Астана тұрғындарына қысты күтпей, көмірді ертерек сатып алуға шақырады. Әкімдіктің мәліметі бойынша, 17-25 тамыз аралығында елордаға 90 вагон немесе 6223 тонна көмір келіп түскен.

Бір тонна көмірдің бағасы сапасына қарай 12 500 бен 14 500 аралығында сатылуда. Шұбаркөл көмірінің бір тоннасы 12 500 – 14 500 теңге болса, Қаражыра – 14 000 теңге, Майкөбе – 12 500 теңге.

Астана қаласының отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы көмір сатушылармен бағаны көтермеу жөнінде меморандумға қол қойды.

Астана қаласының әкімдігі көмір нарығындағы жағдайды күн сайын бақылап, назарында ұстауда. «IKomek» орталығының базасында халыққа арналған жедел байланыс желісі құрылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме