Алматы қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

ҚазАқпарат
Ерлан Әукенов Алматы әкімдігінде көлік, әлеуметтік сала, халықты еңбекпен қамту және төтенше жағдайлар мәселелеріне жауап береді.

Алматы қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ерлан Әукенов Алматы әкімдігінде көлік, әлеуметтік сала, халықты еңбекпен қамту және төтенше жағдайлар мәселелеріне жауап береді.

Айта кетейік, Е.Әукенов 2015 жылдың тамыз айында Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалып, екі жылдан кейін шетелге оқуға түсуіне байланысты жұмысынан уақытша босатылған еді. Ол индустриалды-инновациялық даму, сауда, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелеріне жауапты болды.

«Ерлан Әукенов «Қалаларды дамыту» бағдарламасы бойынша Лондонның экономика және саяси ғылымдар мектебінің магистратурасын аяқтағаннан кейін Алматы әкімінің орынбасары лауазымына қайта оралды. Ол оқу барысында урбанизация, қала агломерациясын қалыптастыру, экономикалық аймақтарды құру, көлік жүйесі мен инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ олардың әлеуметтік-экономикалық процестерге және қала экологиясына ықпалы мәселелері бойынша білім алды. Шағын және ірі мегаполистерге «Green Economy» және «Resilient city» заманауи тұжырымдамасын енгізуге қатысты әлемдік тәжірибе зерделенді», - делінген қала әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Өз кезегінде, әкімнің бұрынғы орынбасары Мұрат Дәрібаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

Шаһар басшысы Бауыржан Байбек Мұрат Дәрібаевқа атқарылған еңбегі үшін алғыс айтып, сәттілік тіледі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты