Әл-ауқат санатын анықтайтын калькулятор 16 қазанда іске қосылады
Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев 2026 жылғы 16 қазанда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте халықтың әл-ауқат санатын анықтайтын калькулятордың іске қосылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Калькулятор қазақстандықтарға өздерінің қай әлеуметтік санатқа жататынын анықтауға көмектеседі.
"Калькулятор техникалық тексеруден өтті. Бүгін ол eGov платформасында жарияланады, сондай-ақ eGov Mobile арқылы да қолжетімді болады", – деді Ертаев.
Өз кезегінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Бақтияр Жазықпаев калькулятордың жұмыс істеу қағидатын түсіндірді.
"Оның жеке тұлғаны сәйкестендірмей жұмыс істейтінін түсіну маңызды. Барлық көрсеткішті өз жағдайыңызға қарай енгізіп, бағалау нәтижесін бірден көресіз. Отбасының цифрлық картасы деректерді өздігінен қалыптастырмайды. Бастапқы дереккөздер – мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері. Бұл, шын мәнінде, ақпараттық жүйелердегі деректерді жинақтайтын агрегатор іспетті. Соның арқасында біз отбасының жағдайын толық көре аламыз", – деп қосты вице-министр.
Бұған дейін Еңбек министрлігі А және В санаттарына қандай отбасылар жататынын түсіндірген еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript