Семейден ежелгі адамның сүйектері табылды

altaynews.kz
Өлкетанушылар тапқан олжаларын «Мұқыр аңшысы» деп атап отыр.

Семейде 24 мамырда өлкетану қоғамының мүшелері Мұқыр өзенінің алқабынан ежелгі адамның сүйектерін тапқан еді. Жуықта бұл орынмен Шығыс-Сарыарқа археологиялық экспедициясының басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Амантай Исин танысып қайтты, деп жазады Алтайньюс.

Ол бұл қазбаны құнды олжа деп тауып отыр. Келесі маусымда Семейдің археологтары ежелгі адам табылған орында қазба жұмыстарын жүргізбекші.

Адамның сүйектері көктемгі тасқынның салдарынан жер бетіне шығып қалған көрінеді. Сүйектерінің көлемі мен тістерінің түріне қарағанда егде жастағы адам болуы мүмкін екен. Өлкетанушылар тапқан олжаларын «Мұқыр аңшысы» деп атап отыр. Себебі, бірге аңшылық қару-жарақтардың қалдықтары, жылқының сүйектері мен ер-тұрман бұйымдары да табылған. Мұқыр аңшысы б.з.д. III және б.з. VII ғ. аралығында, яғни ерте түрік дәуірі немесе Орта ғасырдың ерте көшпенділер дәуірінде өмір сүрген деген алдын ала болжам бар.

Тағы бір қызығы, археологтардың айтуынша, бұл адам жерленбеген. Өзеннің жағасына қорған тұрғызу мүмкін емес, өйткені көктем сайын оны су шайып кететін еді деген қорытындыға келді зерттеушілер.

Сондай-ақ, көне замандарға тән жерлеу рәсімінің іздері байқалмайды. Өлкетанушылар ежелгі адам жазатайым оқиғада қаза тапқан деседі.

Нақтырақ айтқанда, көктемгі су тасқындары кезінде орын алуы да мүмкін. Бас сүйектің оң жақ бөлігіндегі жарақат оның құлап, жағадағы тастарға басын жарып алуы мүмкін деген болжам жасауға негіз болып отыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты