Түркістанда киелі жерде көргенсіздік жасамақ болған күдіктіні ұстау шарасы жүріп жатыр

www.24.kz
Бойжеткенді кездестірген куәгерлер жедел жәрдем шарқыртып, көмек көрсеткен.

Түркістанда тапа тал түсте белгісіз біреулер қыз зорламақ болды. Оқиға Қожа Ахмет Яссауи кесенесі жанында болды. Жергілікті ішкі істер департаментінің мәліметінше, қаскөй алдымен кесене маңында қыздың телефонын тартып алған. Бұл туралы zakon.kz, Хабар 24 телеарнасы жазған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Бағалы затын қайтарып алмақ болып, артынан қуа жөнелгенде көзден таса жерге сүйреп апарып, аяусыз ұрып соққан.

Бойжеткенді кездестірген куәгерлер жедел жәрдем шарқыртып, көмек көрсеткен.

Қазір жәбірленуші қалалық аурухананың жарақат бөлімінде жатыр. Дәрігерлер қыздың бас ми жарақатын алғанын айтып отыр.

Салтанат Қарагөзова, Түркістан облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі: - Түркістан қаласында орналасқан ЖОО-ның бірінің студенті анықталды. Қыз өзінің арызында белгісіз тұлға өзін зорламақшы болғанын көрсеткен. Бұл жәйт бойынша Түркістан қалалық ішкі істер басқармасында «зорлауға оқталу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі таңда криминалдық полиция басқармасы күдікті азаматтың тұлғасын анықтады. Ұстау шаралары жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Колумбияға алғаш барды. Әнші Богота әуежайында жанкүйерлері қалай қарсы алғанын көрсетті

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады