Шығыс Қазақстан атауын «Алтын Алтай» деп ауыстыру ұсынылды

www.inform.kz
Елбасы Оңтүстік Қазақстан облысын Түркістан қылып өзгертті. Мағжан ақын бұл өңірді Алтын Алтай деп жырға қосқан.

Өскеменде өтіп жатқан «Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық конференцияда Шығыс Қазақстанның атауын Алтын Алтай деген атқа ауыстыру ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Конференцияның пленарлық отырысында сөз алған академик Ғарифолла Есім «Алтын адамның» түр-түрі табылып жатқан Шығыс Қазақстанға Алтын Алтай атауы жарасады деген пікір айтты.

«Тоналып жеткен алтынның өзі үлкен байлық. Алтын адам архетип қана емес, ол алтын идея. Елбасы Оңтүстік Қазақстан облысын Түркістан қылып өзгертті. Мағжан ақын бұл өңірді Алтын Алтай деп жырға қосқан. Елбасы жолымен Шығыс Қазақстан облысын Алтын Алтай деп атаса, керемет болар еді. Батыс Қазақстан жұрты өздерін Ақ Жайық деп атауды баяғыдан ұсынып келеді. Сондықтан бұл өңірге Алтын Алтай деген атау жарасады» - деді философ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін