2019 жылдан бастап науқастар тегін дәрі-дәрмекті алғанын SMS арқылы растайтын болады

inkazan.ru
SMS-пен растау арқылы тегін дәрі-дәрмектің сатылып кетпей, науқастың қолына тигеніне көз жеткізіледі.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі халық тегін берілуі тиіс дәрі-дәрмектің сатылымға шықпауын қадағалайды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа сілтеме жасап хабарлайды.

Тегін дәрі-дәрмекті алған науқастар SMS немесе мобильді қосымша арқылы министрлікке хабар беруі тиіс.

«SMS-хабарлама бойынша өткен жылы жүргізілген пилоттық жоба келесі жылы іске қосылады. SMS-пен растау арқылы тегін дәрі-дәрмектің сатылып кетпей, науқастың қолына тигеніне көз жеткізіп едік.

Сонымен бірге, келесі жылы арнайы мобильді қосымша шығарамыз. Онда науқас өз рецептілерін көріп, дәрінің уақытылы жеткенін министрлікке хабарлай алады», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. Сонымен бірге, Е. Біртанов тегін дәрі-дәрмектер тізіміне кіретін препараттардың ғана тегін берілетінін еске салды.

«Кей жағдайда дәрігерлер дұрыс түсіндірмейді. Арнайы тізімдегі дәрі-дәрмектер ғана тегін беріледі. Қалған дәрілер мемлекеттің кепілдігіне кірмейді. Тегін дәрілерді емдеуге қажетті 100 пайыз дәрі-дәрмектің 30 пайызы деп айтуға болады. Бұл көрсеткішті жыл сайын ұлғайтып жатырмыз, дегенмен қазіргі тізім осы», - деді ол.

Министр тегін дәрі-дәрмекті уақытында ала алмаған науқастардың шағымдануы қажеттігін еске салды.

«Тегін дәрі жеткізілмеген науқастар Фармация комитетінің жергілікті департаментіне телефон соғып, хабар бергені жөн. Барлық фактілерді міндетті түрде тексеріп, қажетті әкімшілік және құқықтық шешімдерді қабылдаймыз, - деді Елжан Біртанов.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды