Депутат бес жыл той өткізуге тыйым салуды ұсынды

Sputniknews.kz
Қырғызстанда жыл басынан бері мемлекет есебінен 105 той өткізілген. Депутат бюджет қаражатын шығындауды тоқтатуды ұсынды.

Қырғызстанда Жогорку Кенеш депутаты Ақылбек Жаманқұлов елде той өткізуге бес жылдық мораторий енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Депутат бұл бастамасын парламент отырысында ұсынды. Оның мәлімдеуінше, биыл жылдың басынан бері мемлекет есебінен 105 той өткізілген.

"Бұл не? Әр тойға 2 миллионға жуық сом жұмсалады. Өздеріңіз есептей беріңіздер: Балықшының 120 жылдығы, Нарынның 150 жылдығы, Қызыл-Кидің 120 жылдығы, Созақтың 100 жылдығы, Базар-Қорғанның 100 жылдығы, Лейлекьің 90 жылдығы және тағы басқа да тойлар. Мұның барлығы жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады", — деді депутат.

Жаманқұлов парламенттегі үкімет өкілінен бұл мәселе жөнінде премьер-министрмен сөйлесіп, той өткізуге мораторий енгізуді сұрады.

Депутат тек мемлекет есебінен өткізілетін тойларды айтып отырғанын нақтылап өтті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі миллиардтаған теңгенің алаяқтық схемалары әшкереленді

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды