Жақында ғана 36 жасқа толған туған күнін атап өткен Динара Сәтжан жеке өміріне қатысты жан сырын ақтарды. Танымал тележүргізуші өзіне сезімін білдіретін ер азаматтардың көптігін жеткізді. Динараға тұрмыс құру туралы анасы мен құрбылары да жиі айтады екен, деп жазады Stan.kz.
Динара Сәтжан жыл сайын меншікті мерекесін Алматыда, яғни төркінінде тойлайды. Себебі тележүргізушінің жақындары түгелімен дерлік осы қалады. Динара биыл да Астанадағы жұмыстарын бір шетке ысырып, 36 жасын Алматыда тұратын ата-анасының қасында қарсы алды.
«Бір жылда атқарған жұмыстар мен жеткен жетістіктерді ой елегінен өткізетін дәл осы күн» – дейді Динара. Бүгінде екі баланың анасы атанған кәсіпкердің басы бос. Бұл орайда Сәтжанға жеке өмірі жайында сұрақтар жиі қойылатын көрінеді.
“Менен сіздің күйеуіңіз қайда? Сіздің күйеуіңіз бар ма? Болмай ма деген сияқты сұрақтарды қояды”, – дейді Динара Сәтжан.
Бұл сұрақ Динараның туған-туыстарын да мазалайды екен. Жақында ғана анасы Динараға осы жайында ақыл-кеңесін берген.
“Балам жалғыз жүрме дедім. Қасыңда өзіңнің бір тірегің жүру керек дедім. Өйткені ол керек нәрсе. Қазір керек болмаса да, елуден асқаннан кейін керек нәрсе. Ер азаматтың жөні бөлек”, – дейді Динараның анасы Ақмарал Сәтжан.
Анасының ойымен Динараның құрбылары да келіседі. Алдымен Баян Алагөзова, кейін Аида Кәуменова теңін тапса, енді Сәтжанның да өмірлік серігі жолығатынына сенімді.
“Бәрі дұрыс болып жатыр. Бірінші Баян тұрмысқа шықты, енді мен шықтым. Енді Диконияның реті… Мен ойлаймын міне, міне кездеседі Динараға. Кездеседі. Құдай, тура оны бір үш метрдей ұстап тұр. Бір айдың ішінде мен ойлаймын Дикония кездеседі деп”, – дейді дизайнер Аида Кауменова.
Бүгінде Динараға ғашық жігіт ағалары жетерлік. Бірақ басы бос бикештің болашақ күйеуіне қояр талаптары бар.
“Іскер, батыл, мықты адам, адамгершілік… Фавориттер бар. Мен бірақ ойланып жүрмін”, – дейді Динара Сәтжан.