БҚО-да құс еті өнімдерінен шошқаның ДНҚ-сы табылды

www.inform.kz
Жоспардан тыс тексерістер жүргізіліп, нә­тижесінде 600 мың теңгеге жуық айыппұл салынды.

Батыс Қазақстан облысында құс еті өнімдерінен шошқаның ДНҚ-сы табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы Гүлбақыт Наурзалинаның айтуынша, анықталған кемшіліктерді жою мақсатында жеке кәсіпкерлердің атына ұйғарымдар толтырылған. Жоспардан тыс тексерістер жүргізіліп, нә­тижесінде 600 мың теңгеге жуық айыппұл салынды.

Бөлім басшысының сөзіне қарағанда, өнімдердің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу шеңберінде тұтынушылар пайдаланатын та­ғам және тағам емес өнімдер зерттеледі.

Барлық сынама «Ұлт­тық сараптама орталығының» облыс­­тық филиалында сараптамадан өткізіле­ді. Зерт­­теу нәти­же­сі көрсетіп отырған­дай, өнімдердің 11 пайызы Кеден одағы техникалық регламенттерінің талаптары­на сай емес. Оған қоса, ми­к­робиология­лық, физика-химия­лық көр­сет­кіштердің сәйкес келмеуі де кезде­седі.

Мәселен, ішек таяқшасы тобының бак­­­териялар, патогенді микроағзалар табылған. Санитарлық-гигие­­на­лық, техни­ка­лық регламент талап­­та­рының ауыт­қуы көбінесе аспаздық өнім­дер, сүт және сүт өнімдері, құс еті және балық өнімдері арасы­нан анықталды. Сәйкес келмейтін өнім­дердің басым көп­шілігін импорттық тауарлар, соның ішінде Ресей Федерациясы­ның өнімдері құ­райды.

«Өнімдерді сатып алған кезде тұрғындардың өздері алданып қалмауға мүдделі болғаны жөн. Тағамнан улану жағдайларын болдыр­мас үшін тұтынушылар өнімдерді тек белгіленген сауда нысандарынан алуы қа­жет. Тұтынушы ресми тіркелген нысандарда өнімнің сапасы туралы құжаттар­ды сұрауға құқылы. Тұтынушылар өнімді сатып аларда тауардың сыртқы келбетіне және таң­басына назар аударғаны дұрыс. Тауар­дың таңбалануында өндірілген уақыты, жарамдылық мерзімі, өндіруші және құрамы туралы мәлімет көрсетілуі керек», - деді Гүлбақыт Наурзалина.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

2026 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады