Дәрігерлер өлді деген сәби мәйітханада "тірілді"

Sputniknews.kz
Сәбидің отбасы болған жағдайға қатты таңғалып, алғыс айтқан.

Дәрігерлер өлді деп денесін мәйітханаға жіберген сәби қайта "тірілді", деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жағдай Урмия қаласында болған. Жергілікті БАҚ мәліметінше, аурухана дәрігерлері алты айлық сәбиді тексеріп шығып, тірі екенінің ешқандай белгілері байқалмаған соң оны өлдіге санаған. Кейін денесін мәйітханаға жіберген. Алайда соңғы сапарға шығарып саларда сәбидің шын мәнінде тірі екені белгілі болды.

Қаланың жерлеу қызметі басшысы Аббас Абединидің айтуынша, сәбидің отбасы болған жағдайға қатты таңғалған.

"Олар есеңгіреп, таңғажайып үшін алғыс айтып жатты", — деп қосты ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі