Виктор Цойдың төлқұжаты 50 миллион теңгеге сатылды

Виктор Цойдың төлқұжаты, қойын дәптері мен екі әннің мәтіні жазылған қолжазбалар музыканттың достарының пәтерінен табылды деседі.

Белгілі музыкант Виктор Цойдың төлқұжаты, қойын дәптері мен “Хочу времен!” әнінің қолтаңбасы 15 миллион (шамамен 83 миллион теңге) рубльға сатылды. Рок-музыканттың төлқұжаты бастапқыда 2,5 миллион рубльге саудаға шығарылды. Ақырында құжат 9 миллионға (шамамен 50 миллион теңге) сатылды, деп жазады Stan.kz.

Төлқұжаттан бөлек, музыканттың қойын дәптері 3 миллион рубльға сатылды, оның бастапқы бағасы 500 мың болатын.

Сондай-ақ, 80-90 жылдардың әнұранына айналған “Хочу перемен!” әнінің қолмен жазылған нұсқасы саудаға шығарылды. Ол 3,6 миллион рубльға бағаланды.

Виктор Цойдың төлқұжаты, қойын дәптері мен екі әннің мәтіні жазылған қолжазбалар музыканттың достарының пәтерінен табылды деседі.

Алайда Виктордың әкесі Роберт Цой бұл әңгімені жалған деп санайды. Оның айтуынша, 30 жылдан соң Виктордың жеке заттарының табылуы әрі саудаға шығарылуы ақылға қонымсыз нәрсе.

Цойдың 1990 жылы автокөлік апатынан көз жұмғанын айта кетейік.

Ал Виктормен бір топта ән салған Алексей Рыбин оның заттарының саудалануын адамгершілікке жатпайтын қылыққа балап отыр. Оның пікірінше, бұл заттар Виктордың отбасына берілуі тиіс етін.

“Бұл заттарды саудаға шығарғандардың да, сатып алғандардың да көргенсіз екенін аңғартып отыр”, – деп мәлімдеді Рыбин.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: