Парадан бас тартқан маңғыстаулық мемқызметші сыйақы алды

ҚазАқпарат
Осы әрекеті үшін оған ақшалай ынталандыру сыйақасы белгіленді.

Маңғыстау облысында парадан бас тартқан мемлекеттік қызметшіге 100 мың теңгеге жуық көлемде сыйақы берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістеркомитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Заң басқармасының жетекші маманы П. Қылышбай 5 мың теңге пара алудан бас тартқан. Әрі деректі ведомствоның Ішкі қауіпсіздік басқармасына уақытында хабарлаған. Осы әрекеті үшін оған ақшалай ынталандыру сыйақасы белгіленді.

«П.Қылышбай 40 АЕК (96 200 теңге) мөлшерінде бір жолғы ақшалай сыйақымен марапатталды. Бұл ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1131 қаулысымен бекітілген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды ынталандыру қағидаларына сәйкес жасалған», - делінген хабарламада.

Пара ұсынған адамға «Қылмыстық құқық бұзушылық туралы» кодекстің 367-бабы 1-бөлігімен (пара беру) кінәлі деп танылып, оған жаза түрінде 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

ДСМ жүргізушілерді медициналық куәландырудан өткізу тәртібіне өзгерістер енгізетін болды

Ол тастап кетті: Мөлдір Әуелбекова күйеуінен ажырасқанын мойындады

Қазақстандық ұстаз әлемнің үздік тревел-блогері атағына ие болды