Айсәуле Бақытбек сүйіктісі үшін футбол көріп, сыра іше бастаған

Stan.kz
Танымал бойжеткеннің болашақ жары үшін жасаған “ерлігі” жалғыз бұл емес.

Айсәуле Бақытбек сүйіктісі үшін Англиядағы оқуынан бас тартып, әке-шешесінің ақшасын желге шашқан. Танымал бойжеткеннің болашақ жары үшін жасаған “ерлігі” жалғыз бұл емес. Айсәуле Әлішермен бірдей ойлау үшін футбол көріп, тіпті сыра іше бастағанын мойындады, деп жазады Stan.kz.

“Иә, расында да қыздар мен жігіттердің ойы, сезімі екітүрлі. Бірақ қалай болған күннің өзінде бір-бірімізсіз өмір сүре алмаймыз.

Бастапқы кезде әрине, бәрі жақсы болады. Тек арада бірнеше ай өткеннен кейін түсініспеушілік болатынын түсінесіз. Шын мәнінде келіспеушілік әрқашан да болған. Тек бір-біріне ғашық жандар оны байқамайды. Ал уақыт өте келе сіздер айырылысасыздар немесе қарым-қатынастың жаңа кезеңіне бірге қадам басасыздар.

Мен мысалы, футболды жақсы көріп кеттім. Маңызды матчтарды тағатсыздана күтіп отырамын, футбол ережелерін жақсы білемін, ойыншыларды да танимын. Сондықтан да “сүйіктім, мен футбол көріп, сыра ішуге кеттім” деген проблема бізде жоқ. Қай кезде қандай матч болатынын өзім де білемін. Ашық әрі сүзілмеген сырадан ішіп…

Ал ол менің есірігім ұстай бастаған кезде жылдың қай мезгілі болмасын маған жақсылық жасауға тырысады. Мысалы, мені бургер дәмханасына апарып, көргім келіп жүрген фильмнің билеттерін үстелден тауып алған кезім болған. Ал менің ерім киноға барғанды ұнатпайды. Жай сөз арасында айтып жатқаным ғой. Мұндай жағдайлар көптеп болып тұрады, бірақ ол біз туралы жазғанымды ұнатпайды. Сондықтан да жазбаймын”, – дейді Айсәуле.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді