Жәнібек Әлімханұлы 11 жыл түрмеде отырған америкалық «Жыртқышпен» кездеседі

ҚазАқпарат
Вон Александердың жасы 32-де. АҚШ-тың Миссури штатының Сент-Луис қаласының тумасы.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегінде шаршы алаңда 12 айқас өткізіп үлгерген америкалық Вон Александермен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетсек, бұдан бұрын қазақстандық боксшының келесі айқасы қашан және қайда өтетінін хабарлаған болатынбыз. BoxRec.com ақпараты бойынша, қазақстандықтың келесі қарсыласы америкалық Вон Александер (12-1, 8 КО) болмақ. Айқас Эль-Пасода (Техас, АҚШ) өтеді.

Америкалық туралы ақпаратты іздестіре келе қызықты мәліметті кездестірдік. Белгілі болғандай «The Animal» атағымен белгілі америкалық боксшы 2004 жылы айтарлықтай табысты келе жатқан спортшылардың бірі болған. Алайда сол жылы қарулы шабуылға қатысқаны үшін түрмеге түсіп қалған. Тек 2015 жылы түрмеден босап шыққан ол 2015 жылдан бері алты бірдей жеңісті жекпе-жек өткізген.

Бір қызығы, осы жылдың басында дәл осы Вон Александер Геннадий Головкинмен айқасқысы келетінін жария еткен. Жастық шағын түрмеге берген спортшы боксты сағынғанын, «жеңіске аш екенін» айтып өткен.

Вон Александердың жасы 32-де. АҚШ-тың Миссури штатының Сент-Луис қаласының тумасы. Осыған дейін 12 кездесу өткізіп, 8-ін уақытынан бұрын аяқтаған. Бір мәрте жеңілген.

Еске сала кетсек, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы қыркүйектің соңында кәсіпқой бокс рингіндегі өзінің үшінші жекпе-жегін жеңіспен аяқтаған болатын. Ол АҚШ-тың Калифорния штатындағы Окленд қаласында колумбиялық Карлос Гальванмен (16-7-1, 15 КО) кездесіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты