Қазақстан қор биржасы мен Мәскеу биржасы Стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойды

Келісім Мәскеу биржасының KASE жарғылық капиталының 20%-ға дейінгі көлемін 2019 жылдың соңына дейін екі кезеңмен сатып алуын көздейді.

2018 жылғы 10 қазанда Қазақстан қор биржасы (KASE) мен Мәскеу биржасы (MOEX) Стратегиялық әріптестік туралы келісімге (бұдан әрі – Келісім) қол қойды. Алматы қаласында реми қол қою рәсіміне Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев, Қазақстан қор биржасының Басқарма Төрағасы Алина Алдамберген және Мәскеу биржасының Басқарма Төрағасы Александр Афанасьев қатысты деп хабарлайды zakon.kz.

Келісім Мәскеу биржасының KASE жарғылық капиталының 20%-ға дейінгі көлемін 2019 жылдың соңына дейін екі кезеңмен сатып алуын көздейді.

Биржалар ынтымақтастығының негізгі мақсаттары Қазақстанның және Ресейдің сауда-саттыққа қатысушыларына және инвесторларға екі елдің нарықтарына өзара кіруіне мүмкіндік беру; орталық контрагент (бұдан әрі – ОК) институтын дамыту есебінен инфрақұрылымның сенімділігін арттыру және нарықтық тәуекелдерді төмендету; KASE нарықтарының, клирингтің, тәуекелдерді басқарудың тиімділігін арттыру және жаңа биржа құралдарын жасау мақсатында Мәскеу биржасының сараптамасын және сауда-клирингтік технологияларын пайдалану; KASE-нің жария нарыққа шығуына жәрдемдесу және KASE-нің акцияларын бастапқы орналастыру үшін Мәскеу биржасының тәжірибесін пайдалану болып табылады.

Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев өзінің құттықтау сөзінде Келісімге қол қоюдың өзара іс-қимыл жасауды тереңдетудің және қаржы нарықтарымыздың мүмкіндіктерін кеңейтудің кезекті қадамы болатынын атап өтті.

«Біз елдеріміздің арасында қаржылық қызметтердің және капиталдың еркін қозғалуын қамтамасыз етуге тырысудамыз және бұл оны іске асырудың маңызды қадамдарының бірі. Мәскеу биржасы арқылы біз Қазақстан қор биржасы үшін сенімді әрі стратегиялық әріптесті айқындағанымызға сенімдіміз. Өз кезегінде, Мәскеу биржасы Қазақстан қор биржасы арқылы өзіне айтарлықтай сенімді әріптесті тапты дегім келеді. Бұл нарықтың барлық қатысушылары үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге, ал Мәскеу биржасы үшін кеңею базасын құруға және қажетті резервтік қуатының болуына мүмкіндік береді», - деді Д.Ақышев.

Ұлттық Банк басшысы Мәскеу биржасының қысқа мерзім ішінде қаржы реттеушісінің және нарыққа қатысушылардың қор нарығын экономиканың нақты секторын қаржыландырудың және ұзақ мерзімді инвестициялар тартудың тиімді арнасына айналдыра алуының Ресейдегі ең сәтті мысалдарының бірі болып табылатынын да атап өтті.

«Біз Мәскеу биржасының ноу-хауы Қазақстанда да жылдам іске асырылады деп сенеміз. Ұлттық Банк Қазақстан қор биржасымен бірлесіп бірқатар, оның ішінде Мәскеу биржасымен консультациялар шеңберінде бастамаларды іске асырды.Біз Т+1 схемасы бойынша валюталық сауда-саттыққа көштік. 1 қазаннан бастап Қазақстан қор биржасы валюта нарығында орталық контрагент болды. Жақын уақытта Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарымен және Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарымен мәмілелер үшін Т+2 схемасы бойынша есептеуді енгіземіз. Орталық контрагент базасында біз валюталық тәуекелдерді хеджирлеу, оның ішінде 1 жылға дейінгі мерзіммен валюталық своптарды өткізу мүмкіндіктерінің тетіктерін әзірлеп жатырмыз», - деді Д.Ақышев.

Мәскеу биржасының Басқарма Төрағасы Александр Афанасьев Еуразия экономикалық одағының екі ірі қаржы нарықтарының көшбасшы инфрақұрылымдық ұйымы – Мәскеу биржасы мен KASE келісімі – ЕАЭО-ны дамытудағы маңызды қадам екенін атап өтті.

«Ресей мен Қазақстанның қаржы нарықтарын реттеуді және инфрақұрылымын жақындастыру елдеріміздің эмитенттеріне бизнесті қаржыландыру үшін жария нарыққа тиімдірек капитал тартуға, ал инвесторларға шығасылары мен тәуекелдерін төмендетіп, қаражат салудың мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік береді. Елдеріміздің тарихи және экономикалық жақындығы Мәскеу биржасының биржа инфрақұрылымын дамытудағы, ішкі және сыртқы сұранысты арттырудағы және қаржы нарығының өтімділігін ұлғайтудағы табысты тәжрибесінің KASE-ні дамыту үшін айтарлықтай тиімді болып, Қазақстанның жария капиталы нарығының айтарлықтай өсуіне ықпал ететін болады деген сенімділікті береді», - деді А. Афанасьев.

«Екі биржаның ынтымақтастығы және МОЕХ-тің сауда-клирингтік жүйелерін пайдалану – біздің биржа нарықтарымызға кәсіби қатысушылардың кіруі үшін маңызды қадам. Қазақстанның қаржы нарығын биржалық сауда-саттық, тәуекелдерді басқару, клиринг, сауда-саттыққа қатысушылармен жұмыс істеу бөлігінде дамыту және биржалық сервистерді кеңейту үшін Мәскеу биржасының тәжірибесі мен құзыретін пайдалану өтімділіктің артуына және біздің клиенттеріміз бен қатысушылардың қажеттілігіне жақсы қызмет көрсетуге ықпал ететін болады. Қазақстан қор биржасы 1 қазанда өзінің қатысушыларына жаңа қызмет – ОК-тің валюта нарығындағы қызметтерін ұсынды. Мәскеу биржасының тәжірибесі мен сараптамасына сүйене отырып, KASE болашақта қор және ақша нарықтарында ОК-ті іске қосуды, пайдаланылатын құралдар мен сервистер тізбесін кеңейтуді жоспарлап отыр. Біз стратегиялық ынтымақтастық тараптардың бәсекелестік артықшылықтарын арттыруға және қор нарықтарының даму перспективаларының өсуіне ықпал ететін болады», - деп түсіндірді Қазақстан қор биржасының Басқарма Төрағасы Алина Алдамберген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: