Астанада көру қабілеті бұзылған балаларға арналған балабақшада тәрбиешілер тәжірибеден өтуге келген студенттерді іш-кимдерін шешуге мәжбүрледі. Олар студент қыздарды 10 мың теңге ұрлады деп күдіктеніп, тексеру жүргізген деп хабарлайды 31 арна.
Ересек әйелдер бірнеше сағат бойы студенттерді бөлмеден шығармай ұстап отырған, бірақ полиция да шақырмаған. Енді қорлық көрген студент қыздардың ата-аналары өздігінше төрелік еткен тәрбиешілерді жазалауды сұрады.
Балабақшаға тәжірибеден өтуге келген Гуманитарлық колледждің үш студенті бұл күнді ешқашан ұмыта алмас. Балабақша тәрбиешісі болашақ мұғалімдерді 10 мың теңге ұрлады деп айыптады. Бірақ, балабақша қызметкерлері полиция шақырған жоқ. Ақшаны алған болжалды ұрыларды анықтау үшін тәрбиешілер колледждің әдіскерімен бірге студент қыздардың сөмкесі мен тіпті балалар дәретханасында іш-киімдерін шешкізіп тексерген.
«Бізге сөмкеміз бен жейдемізді терезенің алдына қоюға тура келді. Ал колледж оқытушысы біздің заттарымызды тексеріп, бәрін мұқият қарап шықты. Біз тіпті, іш киімізді шешуге мәжбүр болдық»,- дейді Александра.
«Бізді шешінуге мәжбүрледі. Бірақ, ата-аналарымызды шақырып, полицияға қоңырау шалуға мүмкіндігін бермеді. Біз полиция шақыруларын талап етсек те, олар құлақ аспады. Бұл өте адам шошырлық әрекет. Мұғалімнің өзі біздің шешінуімізге рұқсат беріп, тәрбиешілердің ардында қорлады», - дейді Ольга.
Алайда мұғалімдер студенттерден жоғалған ақшаны таппады және оларды үйлеріне босатты. Ал бұл оқиғаны естіген студент қыздардың ата-аналар тәрбиешілердің үстінен шағым жазды. Балабақша басшылығы олардан кешірім сұрап және барлық кінәлі адамдарды жазалауды уәде етті. Бірақ, студенттердің айтуынша, бұл оқиғаға әлі ешкім нүкте қойған жоқ. Шынымен де ұрлық болған ба және ол ақша қайда, бұл жағы белгісіз.
«Оларды үш-төрт ересек әйел тексеріп, балаларға сөз айтуға мүмкіндік бермеген. Оларға мұндай агрессия қайдан келді? Олар педагог еме пе! Оларды балаларға қарауға қалай рұқсат бергенін түсінбеймін», - дейді сдудет қыздың анасы Ирина Рар.
Ал, педагогтар да осындай қақтығыстың болғанын мойындады және тексеру жүргізілгенін растады. Бірақ студенттерді ешкім шешінуге мәжбүрлеген жоқ дейді. Айтуларынша, осы дауға себепші болған тәрбиеші бұл жағдайдан кейін жұмысынан қуылған.
«Сондықтан педагогқа қатысты осындай жазалау шаралары қолданылды. Қызметкерлердің жетіспеушілігіне қарамастан, оны жұмыстан босатты. Бірақ, бізге де ондай мамандар қажет емес», - дейді №23 балабақша әдіскері Людмила Матвеева.