64 қазақстандық талапкер қытайлықтардың оқу орталығына алданып қалды. Олардың бәрін Қытайдың «One Way to China» компаниясы алдап кетті. Нәтижесінде, компания болашақ студенттердің білім алуына және оларды университеттерге орналастыру үшін ақша аудармаған болып шықты, деп жазады Stan.kz.
Олардың өтірігі талапкерлер шетелге келгенде ғана әшкереленді. Қытайда білім алады деп ақшасын беріп қойған балалардың отбасын әуежайда ешкім күтіп алмады. Дипломаттардың ақпаратына сүйенсек, қазір қазақстандықтар жатақханаға орналастырылды. Ал Қазақстанның Қытайдағы елшісі бұл мәселенің басын ашу үшін әлгі оқу орталығының басшылығына шықты.
«Қазақстандықтарды тағы да білім беру компанияларын таңдауда қырағы болуға шақырамыз. Балаларды оқуға жіберер кезде ата-аналардан білім беру мекемелерімен алдын-ала байланысып және баланың университетке түскені туралы ақпаратты нақтылып, анықтауға шақырамыз», - дейді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.