Қызылордалық күрішшілер 500 мың тоннадан астам өнім жинады

Қызылорда облысы әкімнің баспасөз қызметі
2020 жылға қарай облыста Иран күрішінің егістік алқабы 5 мың гектарға дейін ұлғайтылады, сонымен қатар, өңделген күріш экспортының көлемін 8 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда.

Биыл Қызылорда облысында 87,3 мың гектарға күріш егілді, орташа өнімділігі гектарына 54,5 центнерді құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетейік, жоғары өнімді сорттарды пайдалану есебінен соңғы 5 жылда күріш жармасының өндірісі 39 пайызға артып отыр, ал осы жылдары күріштің жалпы түсімі 2 есеге артты.

Жалағаш ауданында элеватор базасындағы "Байқоңыр" агрохолдингін құру аймақта күріш кластерін дамытуға ықпал етті. Айта кетейік, Ы.Жақаев атындағы күріш өндіру ғылыми-зерттеу институты Бүкілресейлік күріш институтымен бірлесіп Қызылорда облысы үшін арнайы сорттарды шығаруда.

2017 жылы облыстағы күріш шаруашылықтарында Иранда сұранысқа ие "Торем Хошеми" сорты өсіріле бастады. Осыған орай, қармақшылық "Ақтөбе және К" ЖШС осы сортты 70 гектар жерге екті, ал Қазалының "Сыр Маржаны" шаруашылығы сынақтан өткізу үшін 1 гектар аумаққа еккен еді.

Атап өту керек, 2020 жылға қарай облыста Иран күрішінің егістік алқабы 5 мың гектарға дейін ұлғайтылады, сонымен қатар, өңделген күріш экспортының көлемін 8 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда.

Сонымен қатар, Сыр өңірінің күріші Түркменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Ресей, Беларусь, Армения, Әзірбайжан, Моңғолия, Ауғанстан және т. б. елдерге экспортталатын болады.

Өткен демалыс күндері Қызылордада егін жинау науқанының аяқталуына орай ұйымдастырылған "Алтын дән" мерекесі аясында ауылшаруашылығы жәрмеңкелері, мәдени-бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылуда. Сондай-ақ аймақтағы ауылшаруашылық саласының ардагерлері мен үздік қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

Құрылтай құрамына кімдер енді: саяси партиялар кандидаттар тізімін жариялай бастады

Аудит нәтижесі: Қазақстан атынан шетелге баратын спорт делегациясы қатаң іріктелетін болды

Boeing ұшағы Атлант мұхитының үстінде белгісіз себеппен апаттық сигнал берді

Алматыда қыркүйек қандай болады: күзгі салқын қашан келеді және "күзгі жылымықты" күтуге бола ма