Адам ағзасын саудалайтындар ұсталды

Baq.kz
Дене мүшесінің жоғалғанын марқұмның әпкесі моргта байқаған.

Қытайдың Нинсян қаласына қарасты Хунань елді-мекенінде адам ағзасын ұрлаумен айналысып келген қарақшылар тобы ұсталды. Бұл туралы South China Morning Post жазды деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оларды емханада қайтыс болған марқұмның көзін ұрлады деп айыптауда. Дене мүшесінің жоғалғанын марқұмның әпкесі моргта байқаған. Бір көзін ойып алып, орнына мақта тығындап кетіпті.

Полиция келесі күні төрт күдіктіні қолға түсірген, оның ішінде морг қызметкерлері де бар. Ұрлық жасаған соң олардың үшеуі Нинсяннан 240 шақырым жерде орналасқан Шаоян қаласына кеткен. Тергеушілердің пайымынша, олар адам ағзасын сату үшін келісім жасауға баруы мүмкін.

2002 жылы британдық дәрігер Бхагатта Маккара тірі адамның бүйрегін алмақ болды деп айыптағаны хабарланған еді. Науқастардың бірі оның «үндістан қалаларында қайыршылар өте көп» деп ишара білдіре отырып бүйрек тауып бере алам деген сөзін жазып алған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды

Шығыс Қазақстан облысында жаңа ветеринариялық пункттер ашылуда