Бөрлі ауданында «Қазіргі заман қаһарманы» атты республикалық шара өтті

«Бөрлі жаршысы-Бурлинские вести» газетінен
Өңірлерден осы шараға арнайы келген 15 тәртіп сақшысының барлығы қызмет бабында ерлік көрсетіп, ел алғысын алғандар.

Ақсайда «Қазіргі заман қаһарманы» атты республикалық шара өтті. Республикалық шараға ІІМ Кадр департаменті, ІІМ Ішкі әскерлер комитеті, ІІБ-нің басшылығы мен жеке құрамы, ардагерлері, облыстық, аудандық және қалалық әкімдік өкілдері, сондай-ақ, еліміздің түкпір-түкпірінен келген полиция қызметкерлері қатысты.

Бір айта кетерлігі, өңірлерден осы шараға арнайы келген 15 тәртіп сақшысының барлығы қызмет бабында ерлік көрсетіп, ел алғысын алғандар.

Жиналған жұрт – полиция қызметкерлері мен қала тұрғындары, шара барысында аудан әкімінің орынбасары А. Көшкінбаев сөз алып, ауданымызға келген қонақтарға қош келдіңіз айтып, ел тыныштығы үшін жандарын қиып, анттарына адалдық танытқан асыл азаматтардың бейнесі отаншылдықтың нақты үлгісі болып қалатыны туралы айтты.

Полиция қызметкерлерінің біз көре бермейтін сансыз ерліктері мен тәуекелшілдіктеріне шексіз ризашылығын білдіріп, ердің ерінің ғана қолынан келетін қадамға барып, қиыны мен жауапкершілігі мол жолда бейбіт күнде жасаған батырлықтары мен игі істеріне ризашылығын білдіріп, алғыс хаттар мен сыйлық табыс етті.

Сәнім Меңдібай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстан балмұздақ өндіруден рекорд орнатты